Спорт

Жергілікті хоккей клубы кезекті жеңісіне жетті

Сөйтіп, алғашқы қателіктерін жуып-шаю үшін жерлестеріміз біраз тер төгуде. Кезең соңына дейін бәсеке өскемендік құрама қақпасының маңында өтті. Көп ұзамай, келесі шайба да соғылды. 68 нөмірдегі қорғаушы Алексей Грищенко қарсыластың осал тұсын таба білді. Матчтың бірінші кезеңі құлагерліктердің пайдасына шешіліп, 2:1 есебімен аяқталды.

–  Ойын жақсы өтуде. біздің ойыншылар мықты. Әдемі матчты көруге келдік

– Барлығы жақсы, жоғары деңгейде. Біздің спортшыларымыз жеңеді деген сенімдемін.

– Бірінші периодта құлагерліктер жарады. Енді, келесі кезеңдерде де жақсы ойын көрсетсе, жақсы болар еді.

Екінші периодта қарсылас команда естерін жиған сыңайлы. Бапкерлері бір серпіліс берді ме, әйтеуір айқын шабуылға көшті. Бірақ, құраманың ойлағаны іске аспада. Қанша тырысқанымен, шайбаны қақпаға дарыта алмады. Бұны оңтайлы пайдаланған теріскейліктер шеберліктерін танытып, лезде ойын тізгігін қолдарына алды. Сәлден соң айдын қожайындары жанкүйерлерін тағы қуантты. Небары 5 минут ішінде “Алтай Торпедо” құрамасының қақпашысы екі бірдей шайбаны өткізіп алды.

Үшінші кезең де қызылжарлық құраманың пайдасына шешілуде. Бірнеше шабуыл, дұрыс орындалған тактика өз нәтижесін берді. Осылайша, матчтың соңғы шайбасы да құлагерліктерге тиесілі. Оның авторы – Виталий Андрейкив. Есеп 5:1.

Максим Волков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

 


– Белгілі бір кезең біз үшін күрделі болды деп айта алмаймын. Әрбірінің өз қиындықтары болады. Сондықтан, алғашқы сәттен, матчтың соңғы минутына дейін барымызды салып ойнадық. Қарсыластарымыз осал емес. Алайда, біздің ойыншыларға қарағанда әлдеқайда жас. Тәжірибенің жетіспегені шығар, қарапайым қателіктерге жол беріп жаты.

Ойын нәтижесінде жерлес команда қоржынына тағы 3 ұпай түсті. Қазір құлагерліктер турнир кестесінің екінші орнында тұрақтап тұр.

Эльмира Сәдуақасова