Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ – 80 жыл

Олар мұнда белгілі жанның еңбегін еске алып, жастарға оның тағылымдық өмір жолы жайлы айтуға келеді. Бұл жолы да солай болды.

Серік Өмірбаев – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының міндетін атқарушы:

– Манаш Қозыбаевтың барлық өмірі таң қалдырып, мақтаныш сезімін ұялатады. Манаш Қозыбаевтың зерттеулері түркі мәдениетінің басталуы мен айқындауға , мәдениетін айқындауға мүмкіндік туғызады.

Биылғы М.Қозыбаев оқулары білім ошағының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Академик М.Қозыбаевтың есімі университетке 2003 жылы берілген. Жалпы оқу ордасының өңір дамуы үшін қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оны жиынға қатысқандар да айтып отыр.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Өзі құрылған күннен бастап елдің тарихи дамуымен біте қайнасып кетті. Әсіресе, тәуелсіздік алған уақытта университет дамуында сүбелі өзгерістер орын алды.

260-тан астам ғылыми баспалардың авторы, тарих ғылымдарының докторы – Қадыржан Әбуев М.Қозыбаевпен жақсы таныс болған. Оның өмірі осы оқу орнымен тығыз байланысты. Ол жайында тарихшы өз баяндамасында да айтқан.

Қадыржан Әбуев – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ профессоры, ҚР құрметті қайраткері:


–  М.Қозыбаев менің дисертациямды қорғағанда оппонентім болды. Көп жыл достық қатынаста болдық. Бірге қызмет жасадық. Өте дарынды, жан-жақты білімді адам болды. Қазақстан тарихының жаңашы дамуына үлес қосты. Ол кісінің еңбегі арқылы тарихымыз содан басталады.

Жиында академиктің жұбайы Сара Пішенбайқызы да сөз алып, студенттерге талмай, шаршамай оқып, білім алу керектігін айтты. Нақ, сондай қасиеттер Манаш Қозыбаев атамыздың да бойынан табылған. Ол Қазақстан тарихын әлемге танытсам деп армандады. Енді міне, сол тарихта өзінің аты қалып отыр. Оқу ордасы белгілі ғалымның жеке энциклопедиясын шығарып, конференцияда туындының тұсауын кесті.

Кездесуде тағы 7 адамға М.Қозыбаевтың медалін табыс етті.

Магжан Ахмадина