Қоғам

Жерлестеріміз қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын тиімді санайды

Ең бастысы, диакритика қағидатына сай жасалған альфавитпен жазу жеңіл болмақ. Су жаңа графика 32 әріптен тұрады. Бұрынғыдай 42 әріп болмайды. Айта кетейік, кыркүйек айының соңында Парламент мәжілісінде қазақ әліпбиінің 26 әріптен тұратын алғашқы нұсқасы ұсынылған болатын. Диграв негізі бойынша әзірленген графика көптің көңілінен шықпады. Тұрғындардың басым бөлігі 1 әріпті бірнеше таңба арқылы жазуды қиын көрді. Қазақ қарпінің екінші нұсқасын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Жанар Таласпаева да қолдап отыр. Лингвист маман жаңашылдықты енгізсек өскелең ұрпаққа білім беру жеңіл болады дейді.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Компьютерде бар таңбалар тәжімалау мен бағдарламаларды жасау барысында тиімді. Бірақ, біз тіліміздің техникаға емес дыбыстық әуезін, әуенін сақтап қалуды ойлауымыз керекпіз. Яғни, бүгінгі альфавитімізге қазақы үн, қазақы сипат беруіміз қажетпіз. Сонда ғана біз өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді сақтай аламыз. Президентіміздің ұлттық жаңғыру мақаласында да ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміз, тіліміз сақталу керек делінген.

 

Култанов Байболат