Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір элеваторларына астық жеткізілуде

Ұлболсын Қуандықова – “Компания нұр астық ЛТД” ЖШС зертханасының жетекшісі:

– Өңір аграрийлерінен негізінен 3-ші және 4-сыныптағы бидай қабылдаудамыз. Өнімнің сапасы орташа. Диқандар әкеліп жатқан астықтың ылғалдылығы 17, 25 пайызды құрайды. Дән маңызы мен табиғаты бойынша көрсеткіштер орташа. Бізге бидай алыс аудандардан ғана емес, басқа да өңірлерден жеткізіледі. Жазда ОҚО-нан поезд арқылы 4-ші калссатғы бидайды қабылдадық.

Элеваторға күніне 40 жүк көлігі келеді. Мұндағы астық кептіргіш тәулігіне 300 тонна сары алтынды құрғатуға қауқарлы. Алдымен илеуіштер арқылы бидай қоқым, тастардан ажыратылады. Одан кейін 110 -130 градус ыстықта кептіріледі. Өнім неғұрлым ылғалды болса, температурасы да соғұрлым жоғарылатылады.

Кептірілген астық желілер бойымен қоймаларға тасымалданады. Бүгінде “Компания нұр астық ЛТД” ЖШС-гі астықтың мол қорын жинап алмақшы. Мұнда жалпы сыйымдылығы 320 мың тоннаны құрайтын 11 қойма бар. Онда бидайдан басқа зығыр да сақталады.

Василий Кстин – “Компания нұр астық ЛТД” ЖШС қауіпсіздік жөніндегі инженері:

– Қазір бидайды 15 шаруашылықтан алып жатырмыз. Өнім ылғалдылығы бекітілген нормадан жоғары. Сондықтан барлық күшті астықты кептіруге жұмылдырудамыз. Биыл шаруашылықтардан қабылданған шикізаттың біразын үгіп ұн шығарамыз. Өнімді негізінен Ауғанстан елі сатып алуда. Жазда 40 тоннасы Қытайға экспортталды.

Серіктестікте 3-ші, 4-сыныптағы бидайды үгетін екі бірдей диірмен бар. Оның біреуінде су жаңа түркияның үккіш қондырғылары орнатылыпты. Жыл басынан бері кәсіпорын Ауғанстан еліне 40 мың тонна ұн жөнелтіпті. Үстіміздегі жылдың соңына дейін аталмыш елге 10 мың тонна бидай мен 700 тонна зығыр экспорттамақшы. Қазір компанияда 70 адам ауысым бойынша кезектесіп күні-түні еңбек етуде. 20-сы жұмысқа уақытша тартылған.

Берік Қасен