Қылмыс

Өңірде “Экстази” есірткісінің ірі партиясы тәркіленді

Арнайы операция барысында олар ҚР азаматын қолға түсірген. Күдіктіден 16 мың дана «Экстази» синтетикалық есірткісі тәркіленді. Бұл егемендік алғаннан бері Қазақстан Республикасы аумағында тәркіленген синтетикалық есірткінің ең ірі партиясы. Еліткіш препараттардың қара нарықтағы бағасы 100 млн теңгеден асады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің айтуынша , Солтүстік Қазақстан облысы географиялық орналасуы жағынан есірткі тасымалдауға қолайлы аймақ. Сондықтан аталлмыш ведомства еліткіштердің заңсыз айналымын анықтауға бағытталған шаралар санын күшейткен.

АСҚАР АҚШАЕВ – ҚР ҰҚК СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:


– Департамент халықаралық және ішкі есірткі тасымалдау жолдарын кесуге аса көңіл бөліп отыр.Нәтижесінде 369 келі марихуана мен 21 келі гашиш тәркіленді.

Саят Ермек