Ауыл шаруашылығы

Биыл өңірімізде 5 млн 627,5 мың тонна ырыздық жиналды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл теріскейде 5 млн 627,5 мың тонна ырыздық жиналды. Гектар берекелегі 18,2 центнерден айналды. Астық бастыруда Жұмабаев, Қызылжар және Аққайың аудандарының аграрийлері алдыңғы қатарда. Ал, майлы дақылдарға келер болсақ, мұнда 636,6 мың гектардан астам жердегі дақыл шабылып, 635,8 мың гектар жерде бастырылған. Майлы дақылдардың 649,5 мың тоннасы жиылды. Бұл жалпы аумақтың 88,9%. Айта кетсек, гектар берекелегі 10,2 центнерден айналуда. Осында Аққайың Қызылжар және Жамбыл аудандарының диқандары көш бастап келеді.

Тогжан Акмагамбетова