Мәдениет

Петропавлда Евгений Печерскийдің көрмесі ашылды

Евгений Печерский – ҚР суретшілер одағының мүшесі:

– Бұл жерге соңғы 20 жыл көлеміндегі жұмыстарымды әкелдім. Осындай туындыларды әрі қарай да салуды жалғастырамын. Жалпы менің картиналарымда өмірімде болып жатқан түрлі оқиғаларды көруге болады. Суретті салып жатқандағы барлық эмоцияларым туындыларымда көрініс табады. Кеңестік дәуірдегі көптеген суретшілермен дос болдым. Олардан үйренгендерім көп. Оның барлығын қолданамын.

Мына үш картинаны суретші ерекше жақсы көреді. Олар бір тақырыпта жасалған. Шіркеуге апарар жолды түрлі бағыттардан бейнелеген. Ол туындылармен Евгений Печерский ерекше мақтанады. Бұл картиналар көрмені тамашалауға келген жас суретшілерге де ұнаған сыңайлы.

Софья Афанасьева:

– Көрме маған қатты ұнады. Өзім сурет салумен айналысамын. Сондықтан бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Бұл кісіден жаңа техникаларды үйренуге болады.

Петропавлда өмірге келген суретші, қазір Ресейдің Калининград қаласында тұрады. Туған жеріне келген өнер иесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында музейге тарту жасап, өзінің бірнеше жұмысын осында қалдырмақ.

 

Магжан Ахмадина