Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары қызметтік киімдерін қысқыға ауыстырды

Тәуелсіздік стелласы маңында жылы киімдерін киген құқық қорғаушылар сап түзеп тұр. Шара барысында, олардың формасы, жарғыны білу деңгейі мен қауырт маусымға дайындықтары тексерілді. Сондай-ақ, саланың жас мамандары бөлімше командирлері мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің алдында адал қызмет етуге ант берді. Ал бірнеше жыл бойы абыройлы жұмыс істеп, көзге түскен 6 тәртіп сақшысы жаңа шен тағынды. Қызметкерлерді облыстың бас полицейі Берік Біләлов құттықтады.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Бүгінгі күні біздің қатарымыз жас қызметкерлермен толығуда. Отан алдында ант беру шарасы Сіздердің өмірлеріңдегі маңызды оқиғалардың бірі. Алдағы уақытта полицей атағына кір келтірмей, қоғамдық тәртіпті сақтауға барынша тырысуларыңыз қажет. Бұған қоса, кез-келген жағдайда әділ шешім қабылдай білулеріңіз керек.

 

Эльмира Садвокасова