Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 131-ші маусымын ашты

Ал екінші қабатта музыканттар түрлі композиторлардың туындыларын ойнап, классикалық әуезді аңсаған тұрғындардың айызын қандыруда. Тағы қонақтар украин асханасынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Міне, жаңа маусым ашылды. Театрды сағынып келген тұрғындарға «Рождество алдындағы түн» қойылымы ұсынылмақ.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Көрермендер жаз бойы осы спектакльді сұрап, хабарласып тұрды. Сондықтан маусымды нақ осы туындымен ертерек ашуды жөн деп таптық. Бұл қойылым өте көңілді. Одан үлкен сабақ алуға болады. Ол тарихи оқиғаларды, махаббатты баяндайды.

Оқиға желісі шағын ғана ауылда өрбиді. Махаббат пен достық, қуаныш пен қайғы қатар жүретін қарапайым елді мекен тұрғындарының тірлігіне тылсым күш араласады. Ғашық жұптың арасына жын түсіп, жастардың басын әбден шатастырады. Дегенмен барлық сындарға төтеп берген екеу түбінде бірге болады.

Қойылымда махаббатына қиындықтардан мойымай өтіп, қол жеткізген кедей ұстаның рөлін жас әртіс – Константин Демидов ойнады. Кейіпкерімді сомдау аса қиындлық тудырмады дейді ол.

Константин Демидов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртісі:

– Мен ойнайтын Вакула өмірге ғашық жан. Өзінің сүйіктісін қатты жақсы көреді. Қиындықтарға тап болса да, ол ғашығына қол жеткізді. Әр оқиға соңында жақсылық, жамандықты жеңеді ғой. Бұл туындыда да солай болды. Жалпы спектакль өте көңілді, көрерменге зор әсер сыйлайтын қойылымдардың бірі.

Бұл қойылым көрермендер назарына өткен маусымда да ұсынылған. Десе де, бүгін оны тамашалауға келгендер туындының жақсы шыққандығын айтып отыр.

– Әртістер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Костюмдері де әдемі. Көптен театрға келмеген едім. Бүгін ерекше көңіл күй сыйлады.

– Бүгінгі спектакль жақсы көңіл күй сыйлады. Кейіпкерлермен бірге мұңайдық, күліп те алдық. Жалпы барлығы көңілімне шықты.

Алдағы уақытта өнер ордасы өз көрерменін тағы бірталай туындылармен қуантпақ ниетте.

Спартак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

– Осы жылдың аяғына дейін бірталай туындыларды қоятын боламыз. Балаларға арналған қойылымдар да болады. Биылғы жылы біз қыркүйек айында «Белая Вежа» атты фестивальға қатысып келдік. «Жұт» пьессасын қойдық.

Жаңа туындылардан бөлек, демалыстан шыққан театр ұжымы жуық арада түрлі фестивальдерде бағын сынамақ. Оның алңғашқысы Көкшету қаласында қазан айының соңында өтпек.

 

Магжан Ахмадина