МТРА жаңалықтары

Теріскейлік өнерпаз республикалық байқаудан жүлделі оралды

Ал, Элина Тажиева бұл екі бағытты қатар алуда. “Туған жер” атты суреті салу үшін бұрымды бірнеше техниканы қолданыпты. Нәзікжандының бұл жұмысы жуырда ғана Алматы қаласында өткен “Алтын қазына” сайысында үздік үштіктен көрінген.

Элина Тажиева – қолөнер мектебінің тәрбиеленушісі:

– Бұндай техниканы бұрын-соңды қолданып көргем жоқ. Сызбаның үстіне ағаш қабықтарын жабыстырып, оны үстінен түрлі-түсті қылып боядым. Жалпы, Солтүстік Қазақстан қайыңды өлке деген атаумен танымал. Сондықтан да, осындай суретті салуды шештім. Қар түскен кезде орманға барса, көздің жауын аларлықтай ерекше әдемі көрініске тап боласың. Осы көркемдікті барынша жеткізуге тырыстым.

Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген суретшілер мен қолөнершілер бақ сынаған. Олар 5 аталым бойынша сайысқа түсіпті. Жалпы, қолөнер мектебінің тәлімгерлері осындай конкурстарға әрдайым қатысып тұрады.

Елена Царева – қолөнер мектебі директорының орынбасары:

 


–  Байқауда балалар сайысып қана қоймай, осы саланың ең үздіктерінен тәлім алды. Қатысушыларға арнап, шеберлік сағаттары ұйымдастырылған. Олар бірнеше бағытта жүзеге асырылды. Сөйтіп, біздің тәрбиеленушілеріміз байқаудан мол азықпен оралды деп айта аламыз.

Қазір білім ошағында 600-ден астам оқушы өздерінің шеберліктерін шыңдауда.

Эльмира Сәдуақасова