Қоғам

СҚО-да экскурсия жүргізушілерінің сайысы өтті

Экскурсия жүргізушілерінің дайындығы жоғары. Себебі, жылдағыдай емес, биыл сайыс шарты өзгерген. Олар қонақтарға жәдігерлерді мемлекеттік тілде ғана емес, орысша керек кезінде ағылшынша да таныстыра білулері керек.

Маржан Таушарова Шал ақын ауданының тарихи өлкетану мұражайында 8 жыл еңбек етеді. Іздемпаз маман ағылшын тілін меңгере бастаған. Өзі қызмет ететін музейінде тұрған әр жәдігер жайындағы ақпаратты жатқа айтады. Музейде тұрған ескеркіштердің ішінде бөліп жаратыны жоқ бәрі құнды дейді. Бүгін өз әріптестерінен ерекшеленіп, үздік атанудан үмітті.

Маржан Таушарова, Шал ақын тарихи өлкетану музейінің қызметкері:


– Шалақын ауданының мұражайы үлкен тарихқа ие. Ие салада еңбектеніп жүргеніме ризамын.

Ал, келесі “Жаңалық. Оқиға. Адамдар” кезеңі әлдеқайда қызықтырақ. Қатысушылар берілген тақырыпқа қиялындағы жерде, белгілі топқа экскурсия өткізулері шарт. Қазылар алқасы олардың бойындағы экскурсияға тән пысықтық пен шапшаңдыққа, киім үлгісі мен өзін ұстауына да көңіл аударады.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай хан резиденциясы” музей- кешені директорының орынбасары:

– Экскурсия қызметкері мұражайдың айнасы. Барлық талаптарды білуі керек. Бүгін соны қараймыз.

Жеңімапзадрға ақшалай сыйлықтар тағайындалады. Ал, келер жылы “СҚО музейлеріндегі эскурсия жүргізушілерінің байқауын” халықаралық дәрежеде өткізу көзделіп отыр.

 

Акбопе Танирберген