Құқық қорғау органдары

25 жастағы петропавлдық ұялы байланыс трафигін ұрлап келген

Тәртіп сақшылары жақында трафикті ұрлап отырған хакердің мекен-жайын анықтады. GSM құрылғы орнатылған пәтерден түскен сигнал адастырмай компьютер алдында отырған 25 жастағы қала тұрғынына жетелеп барыпты.

– Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь. Восемь антенн!

– Что они воруют?

– Ну, радиосигнал, наверное какой-то.

– Для чего?

– Я тонкости работы не знаю.

– А кто ставил их? Сами ставили?

– Нет.

Жұмыссыз азамат осы ұрлықпен күнелтіп отырған. Тінту барысында үйінен әр-түрлі ұялы телефондар, модемдер, 4800-ден артық SIM-карта мен ақша аударымдарын растайтын түбіртектер, антеналар, ноутбуктар мен микросхемалар тәркіленді.

Өмір Нұрахметов – СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

 


– Көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК 205 бабы 1 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Хакердің келтірген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Ал, әккінің өзі қазір қаладан ешқайда шықпау шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Акбопе Танирберген