МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде жұмыс берушілер еңбеккерлерге 80 млн теңге көлемінде жалақы төлемеген.

Бұл олқылықтарды жою мақсатында облыстық кәсіпорын мен жеке меншік мекемелердің басшыларына 17 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Еңбекақыны уақытылы төлемейтіндердің тізімін Уәлиханов ауданындағы “Қызыл ту нан” серіктестігі бастап тұр. Олардың жұмысшыларға берешегі 35 млн теңгеден асады.

Арман Жәлелов, СҚО мемлекеттік еңбек инспециясы басқармасы бастығының орынбасары:

– Тайынша ауданындағы “Тиолайн” серіктестігі жұмысшыларына 11,9 млн., Жамбыл ауданындағы “Қайранкөл астық” серіктестігі 10,3 млн. теңге қарыз. Ал Петропавл халықаралық әуежайы қызметкерлеріне 4,8 млн теңге көлемінде жалақы төлемеген. Бұл мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.