Қоғам

Петропавлда оқыс оқиға орын алды

Тіпті дүкенге нан, сүт алуға шыққан тұрғындардың назары осында ауған. Барлығы орын алған төтенше жағдайды телефондарына түсіріп әлек. Сондықтан интернетте де суреттер мен видео өріп жүр.

Мағжан Ахмадина – тілші:


– Крепостной көшесі бойымен келе жатқан «Шкода» көлігінің жүргізуші бірер минуттан соң оқыс оқиғаға тап болатындығын ойламағанда шығар. Бірақ апат айтып келмейді. Асфальт опырылып кетіп, оның көлігі тесіке түсіп кеткен. Қазір мамандар арнайы техниканың көмегімен көлікті тесіктен алып шықпақшы.

Абырой болғанда зардап шекендер жоқ. Куәгерлердің сөзінше, Шкода көлігінен бұрын шұңқырға ең алдымен фольксваген түсіп кеткен. Оны тұрғындар өз күштерімен шығарып алыпты.

Николай Николаенко – куәгер:


– Осыған дейін фольксаваген келе жатып шұңқырдың жиегін басып өтіп, бір доңғалағымен еніп кеткен еді. Оны оқиға маңына өтіп бара жатқан жүргізушілер көмектесіп, бірігіп шығарып алды. Кейін бірер минуттан соң, мына көлік сол шұңқырға түсіп кетті.

Төтенше жағдай қызметкерлері, тәртіп сақшылары мен құбыры жарылған «Петропавл жылу желілері» серіктесмтігінің өкілдері осында жүр. Монополист компанияның екі ауыр техникасы шұңқырдағы көлікке арқан байлап, оны бірнеше рет тартып алмақшы болды. Бірақ одан нәтиже болмады. Өйткені, машинаның алдыңғы бөлігі асфальттың астында қалған еді. Содан жолды балғамен ұрғылап, кеңейтуге тырысты.

Тек содан кейін ғана көлікті шұңқұырдан шығару мүмкін болды. Апат орын алған жерді қоршаған тұрғындар қуанып,тіпті шапалақ соғып жатты. Шкоданың жүргізушісі тілшілермен тілдескісі келмеді. Тек зақым келген темір тұлпарын маңайлап жүре берді. Келген шыған да аз емес сияқты. Оқиғаны басынан бақылаған куәгерлердің айтуынша осыған дейін бұл жердің асфальты опырылып, су атқылап тұрған. Бірақ көлік шұңқырға түскенге дейін оған жауапты «Петропавл жылу желілері» серіктестігінің қызметкерлері бұл жерде еш бой көрсетпеген.

–  Мен су атқылап тұрғанын көріп, Мир көшесінің бойына белгі қойдым. Ал оны байқамаған болуы керек ең алдымен фольксваген Пассат көлігі тесіке түсіп кетті. Біз жүргізушіні алып шығып, көлігін тартып алдық. Онымен тұрғанда екінші көлікті көрмей қалдық.

– Екінші көлік Крепостной көшесі бойымен келе жатып, Мир көшесі бойымен келе жатқан автобустан соң өтіп кетем деп қозғалғанда шұңқырға түсіп кеткен. Оның үстіне бу болды ол жерде. Содан да көрмей қалған болар. Жүргізуші мен қасында отырған адамды шығарып алдық. Ал көлікті өз күшімізбен тарту мүмкін болмады. Тек содан кейін барлық қызметтер келді.

Құбыры жарылған монополист компания басшысы Игорь Рыбас оқиға орнына келсе де, тілшілерге ләм-мим деместен қызметтік көлігіне отырып тайып тұрды. Қазір істің ақ-қарасы анықталып, ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мағжан Ахмадина