Құқық қорғау органдары

СҚО жол сақшылары хаттаманы электрондық нұсқада толтыруға көшеді

Осыған дейін аталмыш жүйе Астана және Алматы қалаларында ғана жүзеге асырылып келген болатын. Жол ережесін бұзған жүргізушіге электронды түрде хаттама толтыру үшін оның төлқұжатындағы жеке сәйкестендіру нөмірі мобильдік қосымшаға енгізеді. Сол жерде айппұл сомасы белгіленеді. Қас пен көздің арасында мәлімет ішкі істер органдарының бірыңғай базасына түседі. Мобильдік қосымша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттің тапсырысы бойынша әзірленіпті.

Рустам Насиров – СҚО прокуратурасы І-ші басқармасының аға прокуроры:

 

– Жаңа жүйенің артықшылығы бар. Полиция өкілі де, жүргізушілер де уақытын үнемдейді. Заң бұзғандар айыппұлды сол күні төлей алады. 7 жұмыс күні ішінде қарызды өтеген жағдайда берешек соманың 50 пайызы кері қайтарылады. Түбіртекті ішкі істер органдарына апарудың қажеті жоқ. Бәрі автоматты түрде деректер қорында сақталады. Алдағы уақытта жаңашыл жүйе аудандарға да жетеді. Ол үшін облысымызға барлығы 800 планшет сатып алынады

Берік Қасен