Екі күннің ішінде 300-ден астам өзге елдің азаматы әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Олар ел аумағында жүріп-тұру тәртібін бұзған.
Самат Базылов – СҚО ІІД Көші-қон басқармасының бөлім бастығы:
– Көші-қон басқармасының қызметкерлері Өзбекстан елінің азаматтарын ұстады. Екеуі бір жыл ішінде заңға қайшы әрекет жасаған. Сот шешіміне сәйкес, олар алдағы 5 жылда ел аумағына кіре алмайды.
Бұдан өзге ҚР 27 азаматы да жауапкершілікке тартылды. Олар шақырып алған шетелдіктер жергілікті заңдарды бұзған. Осыған қатысты 46 жастағы Петропавл қаласының бір тұрғынына 34 мың теңге көлемінде айпппұл салынуы мүмкін. Ол үй құрылысына тартқан Өзбекстан елінің 2 азаматы ел аумағында жүріп-тұру ережелерін сақтамады деп айыпталуда.
В Казахстан зачем приехали?
– На работу, на стройке.
– Образование плотник
Сондай-ақ, жол бекеттерінен өткен-кеткен тұлғалардың да құжаттары тексерілуде. Мысалы, Қазақстаннан Ресейге бағыт алған 33 жастағы Өзбекстан азаматының тиісті құжаттары болмай шықты.
С какой целью, когда приехали?
– Приехали 26 августа, на работу. На стройку, электриком. Просто трудовой договор составить не успели.
– О том, что вы нарушали миграционное законодательство знали?
– Не знал.
Осы жылдың 9 айында облыстық ІІО-ының бірыңғай ақпараттық жүйесінде 17 800-ден астам шетелдік тіркелген. Солардың 14 пайызы заң алдында жауапкершіліке тартылып, 146 -сы ел аумағынан шығарылыпты.
Берік Қасен