Құқық қорғау органдары

Қылмыстық іздестіру қызметіне – 99 жыл

Думан Таев – СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:

– Өлім қылмысы 18 факті тіркелді. Оның барлығы бүгінгі күні ашылған. Дене жарақатын алып өлгендер бар. Олардың саны – 49. Оларда бәрі ашылды. Қарақшылық 11 болған. Олардың бәрі ашылды. Ұрлық бойынша айтар болсам, 32 тіркелсе, соның 29-ы ашылды. Ашылмағандар бойынша жігіттер өз жұмыстарын әрі қарай істейді.

Бүгіндері облысымыздың қылмыстық іздестіру қызметінде 180-ге жуық адам жұмыс жасайды.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Біздер 9 айдың қортындысы негізінде барлық көрсеткіштер бойынша өзгелермен салыстырғанда жоғары тұрмыз. Өткен жылғы қылмыстарды да көптеп аштық. Біздер 1990, 98, 2000-ыншы жылдардағы қылмыстарды ашып жатырмыз. Бұл біздің қарамағымыздағы бөлімшелердің жұмыс деңгейінің көрсеткіші деп білемін. Соның ішінде қылмыстық іздестіру қызметінің рөлі ерекше.

Құттықтау сөзден соң, өңірдің бас полицейі қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне марапаттарын табыс етті. ІІО 10 жыл еңбек етіп жүрген Дәулет Метолқынов бұл күні қос бірдей медальға ие болды. Бой тасалап жүрген қылмыскерді іздестіру, ұстау темірдей төзім мен кәсіби біліктілікті талап етеді. Сондықтан полиция майоры жұмысқа әрқашанда даяр болып, істің қыр-сырын білу маңызды дейді.

Дәулет Метолқынов – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

 

– Кей кезде үй болмайтын кездер де болады. Бірақ іс ашылғанда көңіл күйің басқаша болады. Биылғы жылы ауыр қылмыстардың ішінде Прбудик деген азаматтың өлімі болды. Оны 3 ай ішінде аштық. Қуаныштымын бүгін 2 медаль алып жатырмын. Оның бірі қызметімнің 10 жыл істеуіне байланысты болса, екіншісі «ҚР полициясының 25 жылдығына» арналған мерейтойлық медаль. Осылай қызмет атқарсақ медальдар көбейе береді деп ойлаймын.

Бұл күні облысымыздың 100-ден астам үздік жедел уәкілі мен ардагерлері түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Тағы бірқатары кезекті шендерін алды.

Магжан Ахмадина