Спорт

Петропавл қаласында келер жылы халықаралық деңгейдегі веложарыс өткізілмек.

Алдағы додаға шетелдiк кәсiби спортшыларды шақыру жоспарланып отыр. Жарысқа орай арнайы веложолдар жөнделетін болады. Алексей Луценко өңiр басшысының бұндай ұсынысына алғысын білдіріп, iрi доданың өңір үшін маңыздылығын атап өтті. Айта кету керек, есімі әлемге әйгiлi велошабандоз Александр Винокуров та Солүстік Қазақстан облысының тумасы. Одан бөлек, қазіргі күні «Астана» велоклубында 5 өңір спортшысы өнер көрсетiп жүр. Жақында ғана беделді жарыстан оралған жерлесімсіз Большая Малышка селосында аздап тынығып, кейін алдағы додаларға қызу әзірлігін бастамақ. Құмар Ақсақалов кезесу барысында велоспортшыға алдағы додаларда тек жеңiс тұғырынан көрiнуге тiлектестiгiн бiлдiрдi.