Спорт

Петропавлда көркем гимнастикадан “Қызылжар жұлдыздары-2017” ашық кубогы өтті

Дария Кушербаева – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 2-сынып оқушысы:

– Мен ертең жеке сында өнер көрсетемін. Жеңіске жетемін деп ойлаймын. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды.

Жалпы 2 күнге жалғасқан дүбірлі додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам көркем гимнастшы бақтарын сынады. Олар жекелей және топтық сындардарда өзара мықтыны анықтайды. Спортшы қыздардың араларында озып шыққандары өңір құрамасына іріктеліп алынады.

Денис Виноградов – СҚО көркем гимнастика федерациясының президенті:


– Аталмыш додада жеңіске жеткен 33 қыз бала қазанның 17-сі мен 23-і аралығында Шымкент қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алады. Айта кетсек, теріскейлік бірқатар гимнастшыларымыз ел құрамасының сапына кіреді. Олар шетел аумағында болатын түрлі халықаралық жарыстарда үздік атанып жүр.

Спорттың бұл түрімен әдетте тек қыздар шұғылданады. Бүгіндері теріскейде ырғақты гимнастикаға қызығушылардың қатары артқандығын айта кеткен жөн. Оның саны 400-ден астам.

Тогжан Акмагамбетова