Қоғам

Солтүстікқазақстандықтардың зейнетақы салымы 191 миллиард теңге

Азамат Еслямов, Әлем бизнес орталығының шаруашылық меңгерушісі:

– Мен 12 жыл жұмыс істеймін. Бүгінде қорда әжептеуір ақша жиналып қалыпты. Ертең, зейнетке шыққанда алып отырамыз ғой. Сондықтан ақарп отырамын.

Биыл қазақстандықтарға зейнетақы жинағы 400 млрд теңге пайда әкелген. Олар БЖЗҚ-да барлығы 7,4 триллион теңге сақтайды екен. Оның 191 млрд теңгесі солтүстікқазақстандықтарға тиесілі. Қазір елімізде ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнет демалысына шығады. Бірақ, келер жылдан нәзікжандылардың зейнет жасы да ерлердікімен біртіндеп теңестірімек.

Ғалия, Мұқанова, «БЖЗҚ» АҚ СҚОФ бөлімше басшысы:

 


– 2018 жылдан батап зейнетке шығатындардың зейнетке шығу жасына 1 жылда жарты жыл мерзім қосылып оытрады. Осылайша біртіндеп 2027 жылдан әйелдер де 63 жасында зейнетке кететін болады.

Бүгінгі ашық есік күнінде БЖЗҚ-ның жергілікті филалына 200 адам бас сұқты.

Акбопе Танирберген