Қоғам

Қазанның 2-і күні қариялар қалада қоғамдық көлікте тегін қатынай алады

Қариялар автобустарға мінгенде тиісті құжатын көрсетуі қажет. Тағы бір жәйт, тегін жүру мүмкіндігі тек бір күн ғана және оның өзі жылдағыдай қазан айының 1-і емес 2-сі күні. Жалпы бүгінде өңірімізде 102 мыңнан астам қария бар.

Галина Семенова – “СҚО жолаушылар тасымалы” қауымдастығының төрайымы:


–  Бұл датаның ауысуына бірден-бір себеп – ол қарттарды жаппай құттықтау қазан айының 2-сі күні басталады. Осыған орай қоғамдық көлікке деген сұраныс артады деген ойдамыз. Қариялар бір-бірін құттықтап автобустармен қатынайды. Сол себепті, тегін жүру мүмкіндігін қазанның 2-не ауыстырып отырмыз.


Риат Шони