Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны 99,1 пайызға аяқталды

Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сәйкес, дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың 99,1 пайызы шабылған. 5 млн 554 мың тонна ырыздық жиналды. Гектар берекелегі 18,2 центнерден айналуда. Астық бастыруда Уәлиханов, Аққайың, Ақжар және Қызылжар аудандарының диқандары алда келеді. Ал, майлы дақылдарға келер болсақ, мұнда 597 мың гектардан астам жердегі дақыл шабылып, 580 мың гектар жерде бастырылған. Майлы дақылдардың 587 мың тоннасы жиылды. Гектар берекелегі 10,1 центнерден айналуда.

Риат Шони