Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:
– Бала бойындағы қасиетті ашып, оны дамытуда ұстаздың рөлі ерекше. Олар балғындардың бойына шапағат руын құядыБіз үшін биылғы жылдың басты жаңалығы – Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы болды. Сондықтан оны орындауда ұстаздар үлес қосып, көшбасшыға айналды.
Кейін облыс әкімі білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына марапаттарын табыс етті. Аймақ жетекшісінің Құрмет грамотасына ие болғандардың бірі – Астрахан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айым Қамырова. Ұстаздың оқушылары талай додаларда жеңімпаз атанған.
Айым Қамырова – Астрахан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Аққайың ауданы:
– Бірталай жарыстарда жеңімпаз атанған шәкірттерім бар.
Бұдан соң тағы 4 ұстаз облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Бұл кеште «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» мен «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгілер де өз иелерін тапты.
Тағы 6 азамат министрліктің наградаларына ие болды. Осы күні ерекше құрмет әр істің бастауында тұратын ардагерлер қауымына да көрсетілді. Бүгіндері олар 45 минут бойы оқушылар алдында сабақ бермесе де, жастарды тәрбиелеуде жүргізіп жатқан жұмыстары ұшан-теңіз. Олардың салған сара жолы әркімге үлгі болып қалмақ. Сондықтан, ардагер ұстаздарға бұл күні ерекше құрмет көрсетілді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға». Бүгіндері өңірде осы мамандықты тізгіндеп жүрген 12 мыңнан астам адам бар. Осы кеште мұғалімдер қауымы өздерінің өнерден де кенде емес екендіктерін көрсетті.
Осы залда отырған ардақты мұғалімдердің алдында өсіп-жетіліп, еліміздің еңсесін көтеріп жүрген азаматтар жетерлік. Сол себепті, де барлық ықылас пен қошемет, құттықтаулар тек осы жандар үшін.
Магжан Ахмадина