Спорт

“Қызылжар” қалалық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Сәкен Сүлейменов – “Қызылжар су” ЖШС маманы:

– Футбол, дойбы, гір көтеру, жүгіру тағы басқа спорт түрлерінен жарысқа қатысқалы жатырмыз. Дайындығымыз жақсы. Мекеменің атына кір келтірмеуге тырысамыз. “Арамызда түрлі дәрежедегі спорт шеберлері бар.

Көпшілікті спартакиаданың ашылуымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Елбасымыздың тапсырмасына сай, Қазақстан-2050 стратегиясын орындау мақсатында біз дені сау, білімді және жан-жақты дамыған тұлғаларады қалыптастыру керекпіз. Өңірімізде спорттың дамуына қыруар қаражат бөлініп, сан алуан спорттық нысандар ашылуда.

Қалалық бірінші спартакиада “Жастар” стадионында өтуде. Биыл бұл нысанда күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Трибуналар мен жүгіру жолақтары жаңартылып, маңына тренажерлар орнатылды. Оның бәріне 60 млн теңге жұмсалған.

Қалалық бірінші спартакиаданың ашылу салтанаты әсерлі өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флеш-моб ұйымдастырды.

Каратэшілер, балуандар мен гимнастшылар ортаға шығып өнер көрсетті. Кейін спартакиаданың жалауы көтерілді.

Спартакиада алауын тұтату мәртебесі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Бондаренкоға берлді.

Салтанатты жиынның соңында көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынылды. Келешекте шараны дәстүрге айналдыру жоспарда бар. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сенбі күні өтеді.

Берік Қасен