Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны аяқталып қалды

5,5 млн тонна ырыздық жиналды. Гектар берекелігі 18,2 центнерден айналуда. Астық жинауды Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандары аяқтады. Егінді бастыру бойынша – қызылжарлықтар мен уәлихандықтар алда. Ал, гектарынан 25 центнерден өнім алып үздік көрсеткішке қол жеткізгендер – М.Жұмабаев ауданының шаруалары.
Өңір алқаптарына егілген майлы дақылдардың 82 пайызы қамбаға құйылды. Бұл ретте Аққайың, Тимирязев және шалақанындық диқандар алда келеді. Көкөніске келетін болсақ, алқаптардан 100 тонна өнім жиналған. Осы ретте бір гектардың берекелігі 200 центнерден айналуда. Бау-бақша өнімдерін Тайынша мен Мамлют аудандарынан өзгелерінің барлығы жинап алған.

 

Акбопе Танирберген