Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері өңірде қылмыстар саны 27,3 пайызға азайған

Көлікті мас күйінде басқарған 1083 жүргізуші ұсталған. Аталмыш статистикамен жіті танысқан ІІД бастығы Берік Білалов жергілікті полиция қызметіне кіші бұзақылықтардың алдын алу мақсатындағы шараларды күшейтіп, “Учаске” операциясы аясындағы профилактикалық жұмыстарды қайта жаңғыртуды тапсырды. Аймақтың бірінші полицейі әр тұрғын бекітілген учаскелік тәртіп сақшысын білуі тиіс дейді. Сондықтан, бұл мақсатта әр инспектор өз қарамағындағы үйлердің тұрғындарымен жеке-жеке әңгімелесіп, ақпараттық жадынамалар мен байланыс нөмірін қалдыруы тиіс.

Ведомствалық жиында елордада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға ат салысқан тәртіп сақшылары марапатталды. Еске салсақ, бұл мақсатта 50 солтүстікқазақстандық полицей мамырдың 10-ы Астана қаласына жол тартқан болатын. Халықаралық көрмеден оралып, 10 күндік демалыстан шыққан қызметкерлерге ІІД бастығы Берік Білалов «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісін табыстады.

Бауыржан Жаров – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының полицейі:

– “EXPO-2017” халықаралық көрмесінде атқарған қыметіміз үшін үлкен мараптқа ие болып жатырмыз. 4 ай бойғы еңбегіміз бағаланды. Бұл марапат біздің жұмысымызға оң серпіліс берді. Енді Петропавл көшелеріндегі тәртіпті жіті қадағалайтын боламыз.

 

Саят Ермек