Энергетика

Желілер алмастырылуда

Виталий Фесько – «СК РЭК» АҚ бас директорының орынбасары, бас инженер:

– Ұзындығы 2 метрге жуық АСБ кабелі қорғасынмен қапталған. Сол себепті, бұрынғысына қарағанда 10-15 жылға ұзағырақ шыдас береді деп ойлаймын. Жалпы бұл ауданда қазір ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген ғимараттар пайда болуда. Сондықтан, өзге желілердің ауыртпалығын азайту үшін осындай шаралар атқарып жатырмыз.

Мұнда жердің астында жататын желілер алмастырылса, Ойқала ауданында керісінше, төбедегі сымдар жаңаларына айырбасталып жатыр. Биыл осындай оқшаулау әдісі бойынша облыста 79 шақырым желі алмастырылған екен. Бұл бағыттағы шаруа әрі қарай да жалғасын таппақ. Келесі барған нысан – трансформаторлық қосалқы станция болды. Оның арқасында балалар емханасы, жақын маңдағы бірқатар баспаналар мен дүкендер жарықпен қамтылады екен. Ол да биыл жаңартылыпты.

Виталий Фесько – «СК РЭК» АҚ бас директорының орынбасары, бас инженер:

– Бұл трансформаторлық қосалқы станция нысаны мен ішіндегі құрылғылары толығымен жаңартылды. Мұнда арнайы есептегіш құрылғы қойылды. Ол осы ауданда туындаған ақауды не керекті ақпаратты ай сайын орталыққа жіберіп отырады. Биыл осындай 13 нысан жөндеу көрді.

Жалпы жасалып жатқан ауқымды жұмыстар инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Оның сомасы – 1 млрд 29 млн теңге. Осының арқасында 13 ірі жоба жасалынған көрінеді. Сөйтіп, жаңғырту және жөндеу жұмыстары облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүргізілген.

 

Магжан Ахмадина