Спорт

Теріскейлік палуан Данияр Қаленов Азия чемпионы атанды

66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен грек-рим күресінің шебері бұл жарыста барлық қарсыласын қоғадай жапырды. Ең әуелі түрікмен палуанын 5-0, кейін қытайлықты 8-0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Өзбекстан өкілі Елмұрат Тасмұрадовтан басым түсіп, финалға шықты. Ақтық сында Иран елінің спортшысы Амин Суримен алтынға таласты. Қос палуан боз кілем үстінде бір-бірінің осал тұсын таба алмай біраз әбігерге түсті. Дегенменде, шабуылда белсенділік танытқан Данияр Қаленовке төреші екі ұпай еншілеп, жеңімпаз деп таныды. Осылайша ел намысын қорғаған грек-рим және еркін күрес шеберлерінің арасында Азия ойындарында тек біздің жерлесіміз ғана алтын медаль иеленді.

 

Риат Шони