Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК сырт айдында елордалық “Астанамен” кездесті

Бұл кездесуде теріскейліктер сапынан ерінбегеннің барлығы шайба салып, атой салды. Нақтырақ айтсақ, Сергей Жаворонков, Александр Незнамов, Илья Ахметов, Алексей Петушков, Дмитрий Исмагилов, Алексей Грищенко мен Виталий Андрейкив бір-бір голдан соқты. Ал Константин Чеботаев болса дубль авторы атанды. Қорытынды есеп 9-0, “Құлагер” командасының пайдасына шешілді. Қарымта кездесу бүгін сағат 19-00-де өтеді.

 

Риат Шони