МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет түрлері жетілдірілуде

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Жыл басынан облыстық ІІД құрылымдарымен 600 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Басым бөлігі көші-қонға байланысты ұсынылған. Қалғандары көлік және қару-жарақты тіркеуге қатысты.

Биыл ІІД қарасты тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімі 60 мыңға жуық қызмет түрі ұсынылыпты. Осы ретте үстіміздегі жылы орын алған өзгерістерді айта кеткен жөн. Бұдан былай пайдалану мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ жаңасына ауыстыруға болады.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы:

– Соңғы 8 айда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға 38 мың 600-ден астам құжат берілді. Басым бөлігі көліктерін тіркеді. 10 813 адам жүргізуші куәлігін алды.

Жиын барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы жайлы айтылды. Аталаған орталық мамандары жыл басынан тұрғындарға 1 млн 100 мыңға жуық қызмет ұсынылыпты. Оның 60 пайызы электрондық түрде жүзеге асырылған. Брифингте, сондай-ақ, жаңашылдықтар да айтылды.

Серік Бейсенов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы “ХҚКО” департаменті директорының орынбасары:

– Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына керекті құжаттарды Қазпошта бөлімшелері арқылы тапсыруға болады. Дайын болған құжаттарды Қазпошта мамандары тапсырыспен тұрғындардың үйіне немесе жұмыс орнына жеткізіп береді. Осылайша, мемлекеттік қызмет алушылар уақыты мен қаражатын үнемдей алады.

Сондай-ақ, осы жылдан бастап жаңа босанған аналар үшін де жеңілдіктер қарастырылған. Нәрестені тіркеу, жәрдемақы алу, баланы балабақша кезегіне тұрғызу сынды бірнеше қызмет түріне өтінішті перзентханада тапсыруға болады.

Берік Қасен