МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында Бәйкен Әшімовті еске алу кеші өтті

Абзал Ахмедьяров – Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті:

– Кеңес үкіметі құлдырағанан кейін тоқтап қалған, зауытттар мен фабрикалар жұмысын жандандыруға Бәйкен атамыз үлес қосқан. Келер ұрпақ үшін ол кісінің өмірі үлгі-өнеге.

Еске алу кешінде аға толқын Бәйкен Әшімовтің еңбек жолына кеңірек тоқталды.

Динара Ақышова – Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушысы:

– Бәкен Әшімов ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы тарихта елеулі тұлғалардың бірі. Өмірінде 30-шы жылдардағы ашаршылықты, соғысты, тың игеру жылдарын басынан өткізген. Ауыр өмірге мойын ұсынбай, төзімділігімен, білімге деген құштарлығымен көптеген белестерге қол жеткізген.

Бәйкен Әшімовті еске алу кеші аясында қалалық мәдениет үйінің ұжымы жастарға шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Берік Қасен