Құқық қорғау органдары

Қалалық ІІБ-нің полицейлері оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді

Шара барысында 20-дан астам қызылжарлық тәртіп сақшысы жоғарыда аталған әрекеттерді ширақ жүзеге асыру машықтарын қалыптастырды. Ашық аспан астындағы жаттығуларда олар жауға қарсы оқ атты, тұтқындарды құтқарып, жарақаттанғандарға жедел көмек көрсетті. Ал облыстық ішкі істер департаментіндегі жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері суда сүңгуден шеберліктерін шыңдады. Мұнда полицейлерге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кәсіби сүңгуірлері көмектесті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу шаралары адам өміріне қауіп төнгенде немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда полицейлердің шапшаң әрі сауатты қимылдауына септеседі.

Ерлан Базарбаев, СҚО ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы:

– Біздің жасақ тақырыптық жоспарға сәйкес жеңіл сүңгу даярлығынан өтуде. Біздің міндетіміз – табиғи апаттар, су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдарға көмектесу.

 

Саят Ермек