Қоғам

Облыста қазанның 15-не дейін жылу беріледі

Енді біртіндеп жекеменшік және мемлекеттік нысандар жылытыла бастайды. Ең әуелі балабақшалап, мектептер мен ауруханалар қосылады. Кейін жоспар бойынша тұрғын үйлер. Бүгінде қаладағы көпқабатты баспаналардың 96 пайызы жуып-шаю жұмыстарын жүргізген. Аудандарда қытымыр қысқа 509 қазандық дайындалды. Онда 200 мың тоннаға жуық көмір әзірленіпті. Жалпы қазанның 15-не дейін облыста барлық нысандарға жылу беріледі деп жоспарланған.

 

Риат Шони