МТРА жаңалықтары

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптау кеңесінің отырысы өтті

Ақмарал Ибраева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы:

– Елбасы мақаласында 6 бағытты ерекшелеп атап өтті. Соның ішінде “Туған жер” бағытына баса көңіл аударып отырмыз. Өйткені, әр аймақтың өз ерекшелігі бар. Қазхіргі таңда Атамекен, тәрбие және білім, рухани қазына, ақпарат толқыны бағыттары бойынша облыс көлемінде ауқымды шаралар атқарылуда.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында шетелдің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылады, елге еңбегі сіңген жаңа есімдер анықталады, келешек ұрпаққа өз өлкесінің киелі жерлері туралы тың мәліметтер берілмек.

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сараптау кеңесінің мүшесі:

– Тарихтағы ақтаңдар көп. Соны тұрғындарға, әсіресе, жастарға жеткізу мемлекетке кезмет ететін азаматтардың міндеті.

Бүгінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару жөніндегі жобалау кеңсесі құрылды. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Кожахмет жетекшілік етпек.


Берік Қасен