Қоғам

Өңірімізде “Тіл – Парасат” байқауының облыстық кезеңі өтті

Әсем Сүлейменова, СҚО әкімдігі тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

– Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында жастардың арасында “Тіл – Парасат облыстық байқауы өткізіліп жатыр. Бұл байқауға қалалық және аудандқ кезеңнің жеңімпаздары, жалпы 12 үміткер қатысып отыр. Байқаудың негізгі талабы – бұл басқа этнос өкілдерінің мемлекттік тілді меңгеруі.

Қатысушылардың арасында Айыртау ауданы Арықбалық ауылының тумасы Света Журина да бар. Әкесі – орыс, анасы – қазақ. Қазақ тілін нағашы атам мен әжемнің арқасында үйрендім дейді ол. Бұл байқауға дейін “Қазақ тілі” пәні бойынша қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бүгінгі байқауға Света Кешью тобының “Туған жер” атты әнін дайындаған екен.

Света Журина, сайысқа қатысушы, Айыртау ауданы:


– Бүгін мен “Тіл парасат” деген байқауға келіп отырмын. Өзімнің қарсыластарыма сәттілік тілеймін. Байқауға “Туған жер” өлеңін дайындадым. Мұндай байқауға бірінші рет қатысып жатқан жоқпын. Осыған дейін Абай оқуларына және «Қазақ тілі» бойынша олимпиадаларға қатыстым.

“Тіл байлығы”, “Тіл тазалығы” аталымдарының иегерлері мен жүлделі орын алғандар басқарма тарапынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады. Айта кеткен жөн, облыстық кезеңнің жеңімпазы республикалық байқауға жолдама алады.