МТРА жаңалықтары

“Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” АҚ өкілдері жергілікті құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті

Аталған ұйым өткен жылы Астана қаласында құрылған болатын. Елордалық мамандар тұрғындардың болашақта нақты пәтер иелері атанулары үшін жұмыс істейді. Яғни, олар үй салатын мердігерлермен құрылысты толық аяқтау жөнінде келісімге келеді. Егер де компания шығынға ұшыраса қаржылай көмек көрсетеді. 1 жыл ішінде қор алматылық және астаналық 2 кәспорынмен шарт жасасқан. Енді, алдағы уақытта теріскейдегі серіктестіктермен әріптестік орнатуға әзір. Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталмақ. Жалпы, 1446 жанұяны баспанамен қамту көзделген.

Жаңыл Саяқова – “Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” АҚ Кепілдік беру департаментінің директоры, Астана қаласы:


–  Біз құрылыстың сапасын қараймыз. Үлескерлердің ақшаларының дұрыс жұмсалуын бақылауда ұстаймыз.