Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Тіл мен достығы жарасқан” атты дөңгелек үстел жиыны өтті

Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі ұлты әзірбайжан Гариф Хамзаев қазақ тілінен өзге өзбек және де орыс тілдерін жіті меңгеріпті.

Гариф Хамзаев – Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Кішкентай кезімде мен қазақ мектебіне бардым. Содан соң, жоғары оқу орында қазақ тілінде тәмамдадым.

Бүгіндері облыстық ІІД 3 мыңға жуық адам қызмет етсе, оның ішінде 20-дан астам ұлт өкілі бар. Олардың барлығы туған тілімізді де ұмыт қалдырмадық, мемлекеттік тілді де құрметтейміз дейді.

Сән Жұмағазина – СҚО ІІД мемлекеттiк тiл және ақпарат тобының бас маманы:

– Іс-шараның басыт мақсаты – Қазақстан халқы тілдерінің достығы, мемлекеттік тілді дамыту, тілдер достастығын көрсету.

Шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Тогжан Акмагамбетова