Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сәйкес, бидай және бұршақ тұқымдас дақылдар 2 млн 814 мың гектар жерде шабылып, 90 пайыз астық жиылған. Гектар берекелігі 17,3 центнерден айналуда. Алтын дәнді жинау бойынша әзірге, Мамлют, Аққайың және Жамбыл аудандары көш бастап тұр. Майлы дақылдар 504 мың гектардан астам жерде шабылып, 438 мың гектардан астам жерде бастырылған. Майлы дақылдардың 64 пайызы жиылып, гектарынан 9,5 центнер өнім алынуда. Бұл жерде ең жоғарғы өнімділік Айыртау, Аққайың, Шал ақын аудандарының диқандарына тиесілі.

Магжан Ахмадина