МТРА жаңалықтары

Өңірлік коммуникациялар қызметінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру талқыланды

Оның айтуынша қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі – ел үшін үлкен маңызға ие қадам. Сондықтан бұл сұрақты асығыссыз, жауапкершілікпен шешкен жөн.

Жарасбай Сүлейменов, “Қызылжар ақпарат” ЖШС директоры:

– Ең негізгі мәселе-асығыстыққа жол бермей, мәселені ғылыми тұрғыдан, өмір талаптарын ескере отыра терең зерттеп, нақты тұжырымға келу керек.

Тәжірибелі журналист әліпбидің ұсынылған нұсқасын қолдайды. Алайда, отандық ғалымдар мен тіл білімінің мамандары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ең оңтайлы нұсқаны таңдауы тиіс дейді ол. Халықтың да маңызды мәселені шешуден шет қалмағаны жөн.

Жарасбай Сүлейменов, “Қызылжар ақпарат” ЖШС директоры:


– Әлеуметтік желілерде ұсынылған нұсқаға қарсылық білдірушілер аз емес. Сондықтан басқа да нұсқаларды қарастыру керек. Ғалымдар кездесіп, бұл мәселені талқылауы тиіс. Қайткен күнде де ұсынылған нұсқаны қабылдау керек деп қысым көрсетудің қажеті жоқ.

Маманның пікірінше, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі – азаматтардың басқа да шет тілдерді жеңіл үйренуіне септеседі. Өйткені, бұл таңбаларды әлем тілдерінің 80 пайызы қолданады екен. Онымен қоса, бастама Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастытағы орнын бекіте түседі.

 

Саят Ермек