Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері кезекті аттестаттаудан өтті

Маңызды сынақта әр полицейдің нормативтік-құқықтық құжаттарды білу деңгейі, физикалық дайындығы және қарудан ату біліктілігі тексерілді. Сынақтың соңғы кезеңінде тәртіп сақшылары аттестаттау комиссиясының мүшелерімен жеке-жеке әңгімелесті. Қызметкерлердің жарамдылығы мен лауазымға лайықтылығын дәл осы комиссия анықтады. Нәтижесінде, сынақтан сүрінген полицейлердің саны 13. Олар қайта аттестаттауға жіберіледі. Ал бір тәртіп сақшысы қызметке жарамсыз деп танылып, лауазымын төмендету ұсынылды.

Руслан Тасимов, СҚО ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары:


– Үстіміздегі жылы 9 отырыс өткіздік. Аттестаттаудан өтуі тиіс 292 қызметкердің 188-і үшін маңызды сынақ тәмам. Олардың 145-і өз лауазымдарына лайықты деп танылды. Тексерістен мүдірмей өткен 7 қызметкердің лауазымын жоғарылату ұсынылды.

Магжан Ахмадина