МТРА жаңалықтары

Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері Елбасы мақаласын талқылады

Бүгін аталған ұйым өкілдері Гуманитарлық техникалық колледжге келді.Олар оқу ордасының ұжымына қазақ әліпбиінің латын жазбасына көшудің тиімді тұстарын әңгіме етуде.

Әлфараби Мыңбай – Қалалық жастар бастамалары орталығы жетекшісінің көмекшісі:

– Қазіргі таңда әлемде компьтер мен автомобиль номерлеріне дейін латын әріптерімен жазылады. Сол себепті біз бүгіннен жаңа жазбаға көшуіміз керек. Бұл еліміз үшін қиындық тудырмайды деп ойлаймын.

Жиын шамамен 1 сағатқа созылды. Шара соңында қатысушылардың арасында спикерлерге сұрақ қойып, жауап алғандар да болды. Әсіресе, студенттер жағы белсенділік танытты.

Даяна Оспанова – Гуманитарлық- техникалық колледж студенті:


– Кездесу қызықты болды. Қонақтар бағдарламалық мақаланы түсіндірді.

Алдағы уақытта Қалалық жастар бастамалары орталығының мүшелері Елбасының бағдарламалық мақаласындағы мақсат-міндеттерді шаһарымыздағы барлық оқу ордаларының студенттеріне түсіндіруді көздейді.

 

Байболат  Култанов