Ауыл шаруашылығы

Орақ-2017

87,4% өнім бастырылып, 4 миллион 430 мың тоннасы соғылыпты. Алтын дән гектарына орташа 17,1 центнерден айналуда. Күзгі дала жұмыстарын аяқтау көрсеткіші бойынша Мамлют, Жамбыл, Қызылжар аудандары алда келеді. Ал, астық берекелігі М.Жұмабаев ауданында жоғары. Ол жақтағы бидай гектарына 19,5 центрді құрайды. Ал, теріскейдегі майлы дақылдар өскен алқаптың 74,8% шабылыпты. 4,7 пайыз жерге егілген көкеніс жиналған. Жалпы, өнім 90,6 мың тоннаға жетіп отыр.

Байболат Бектемірұлы