МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясының кадрлық резерві 9 теріскейлікпен толықты

Олар партия мүшелерінің қатарына қосылу үшін 3 кезеңнен тұратын сынақ тапсырған. Емтиханда үміткерлер тест сұрақтарына жауап берген, мамандармен әңгімелескен. Әсіресе, іріктеуде жерлестеріміздің Конституциялық заңдарды білуі, қылмыстық, әкімшілік жауакершілікке тартылмағанды тексерілген. Сонымен, байқау қорытындысы бойынша қызметке 9 теріскейлік алыныпты. Қазіргі таңда белсенді жандар облысымыздың Айыртау, Аққайың, Ақжар, Есіл мен М. Жұмабаевпен және Ғ.Мүсірепов аудандарында еңбек етуде. Алдағы уақытта аталған аудандарда тағы да конкурс өтіп, 13 адам жұмысқа қабылданбақ. Айта кетейік, бүгінде жетекші партияның резервінде 200-ден аса қадр бар.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– “Нұр Отан” партиясының кадрлық резервіне қосылатын адамдар жан жақты болуы тиіс. Білімді, үнемі белсенділік танытқаны жөн. Қызметке лайықты деп танылған 9 жерлесіміздің бойында осындай қасиеттері жетерлік. Олар енді партиялық бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін болады. Болашақта аудандық, облыстық мәслихат депутаттары атануға да зор мүмкіндік бар.

Байболат  Култанов