Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын

Диқандар 2 миллион 644 мың гектар жерден астық жиды. Алтын дәннің 54 пайызы бастырылды. Қамбаға 4 миллион 111 мың тонна ырыздық жеткізілген. Күзгі дала жұмыстары Мамлют ауданында қарқынды жүргізілуде. Облыстағы орташа өнім көрсеткіші гектарына 16 центнерді құрайды. Бұл күні 521 мың гектардан аса алқаптағы майлы дақылдар шабылды. Өнім жинау көрсеткіші бойынша айыртаулықтар алда келеді. Тағы, көш басында Уәлиханов, Ғ. Мүсірепов және Қызылжар ауданының шаруашылықтары тұр.

Байболат  Култанов