Қоғам

Атамекен” бағдарламасы аясында еліміздегі жер-су атаулары зерттелмек

Әсіресе, жерлесіміз “Рухани қазына” жобасының іске асырылатындығына разы. Жаңашылдық арқылы елдегі атадан балаға мирас болар тарихи орындар зерттелмек. Мұндай жерлер біздің өңірде жетерлік.

Ақмарал Ыбраева – СҚО бойынша “Рухани жаңғыру” жобалау офисінің жетекшісі:

– Өңірімізде Ботай қонысы бар. Ол тарихи жерді әлі де зерттеу қажет.

Тағы, Ақмарал Ғосманқызы мақалада жазылған “Атамекен” бағдарламасының жүзеге асқанын дұрыс санайды. Өйткені, аталған жобаны дамытсақ өлкеміздегі жер-су аттары ұмыт болмайды. Керісінше зерттеу жұмыстары жиі жүргізіліп, нақты атаулары анықталмақ. Іске білікті ғалымдармен қатар жастар да қатысады. Ал, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Педагогикалық факультет деканы Амангелді Иманов “Тәрбие мен білім” бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Бұл жоба біздің өңірде бүгіннен жүзеге асуда.

Амангелді Иманов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ педагогикалық факультетінің деканы:


–  Біздің университімізде “Рухани жаңғыру” атты офистер ашылуда. Болашақта студенттер, педагогтар ғылыммен айналысуларына мол мүмкіндік тумақ. Тіпті, мектептерде де зерттеу жұмыстарын жасауға қолдау көрсетілмек.

Бұдан бөлек, брифингте болашақта елімізде қабылданатын латын әлібпиі сөз болды. Спикерлер жаңа жазбаның қазақ тілін халықаралық деңгейге көтеретініне сенімді.

Байболат  Култанов