Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы» форумы өтті

Кейін олар көрмеге қарай өтіп, мұнда қала мен аудандардың тіл саясаты бағытында жеткен жетістіктері туралы ақпаратқа қанық болды. Ал, залда «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы» форумы бастау алды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деп, кезінде Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, бүгіндері елімізде тілдерді меңгеруге бар жағдай жасалған. Тек оған ден қойғандар табылса болғаны. Сондайлардың бірі 17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешеніің 11-сынып оқушысы Тимофей Артобелевский. Ұлты поляк болса да ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады.

Тимофей Артоболевский – №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің 11-сынып оқушысы:


–  Ұстаздардан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрендік. Бұл мектепте анамның сүтімен бойыма дарыған тілімді үйендім. Бүгіндері елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Мен бұл идеяны қолдаймын. Ол қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Бүгіндері қоғамда қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Жиынды ашқан облыс әкімі осы сауалға да тоқтала кетіп, латын графикасына ауысу дамудың жаңа белесіне көтерілуге мүмкіндік береді деді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Латын графикасына көшу- мемлекеттік тілдің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа графика халықаралық ақпарат әлеміне тиімді жол ашады. Дамудың жаңа белесіне шығуға, түркі тілдес халықтардың өзара байланысын арттыруына, заман талабына сай жастарнға ағылшын тілін меңгеруге жағдай жасайды. Сондай-ақ, Қазақстан елін мекендейтін этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға, балалардың өз ана тілдерінде білім алуына жағдай жасап отырған бірдлен бір мемлекет.

Кейін мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімі Құрмет грамоталарын табыс етті. Солардың бірі – Жамбыл ауданы ІІБ инспекторы Елена Иванова. Ол қазақ тілін мектеп кезінен оқып, кейін алған білімін арттыра түскен. Қазір аптасына екі рет арнайы курстарға барады екен.

Елена Иванова – Жамбыл ауданы ІІБ инспекторы:


–  Мемлекеттік тілді жұмыс барысында қолданамын. Әрі қарай да тілімізді оқып, оның дамуына үлесм қосуға дайынмын.

Кейін тағы 7 адамға алғыс хаттар табыс етіліп, мемлекеттік тілді үздік меңгерген мекеме, үздік іс жүргізуші сынды 7 аталым бойынша марапаттар иелерін тапты. Ал, өңірге келген Шайсұлтан Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді дамыту және үйлестіру орталығының өкілі Бейбіт Оспан тағы екі азаматқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мағжан Ахмадина