Ауыл шаруашылығы

Өңірде 2 млн 391 мың гектар алқаптағы алтын дән жиналды

Осылайша, бүгінгі таңда 3 млн 462,7 мың тоннадай өнім бастырылды. Егіннің орташа түсімі гектарына шамамен 15,8 центнерден айналуда. Астықты жинау көрсеткіші бойынша Жамбыл, Ақжар және Уәлиханов ауданының диқандары алда келеді. Аталған аудандарда гектар берекелігі шамамен 17 жарым центнерді құрауда. Ал, майлы дақылдардың 70%-ға жуығы жиналған. Бастырылған бұл ырыздықтың көлемі 357,5 мың тоннаға жетіп, гектар берекелігі 9,4 центнерді құрауда.

Тогжан Акмагамбетова