МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірлік кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің отырысына қатысты

Жиынға қатысушылар өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту бойынша ұсыныс білдірді. Бұл үшін электрондық коммуникациялардың бірыңғай интерактивті картасын жасап, теріскейлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін Ресей нарығына шығаруға көмек көрсету қажет. Отырыс барысында, сондай-ақ, кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыру жайы да сөз етілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұндай кездесулер өз нәтижесін бермек. Мәселен, осындай соңғы жиында іскер азаматтар аймақтағы заңсыз жолаушы тасымалдаушылардың мәселесін көтерген еді. Бүгінде бұл жұмыс біржақты етілуде.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– ІІБ-мен бірлесіп рейдтер жүргізілді. Бұндай жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Бұдан бөлек, біз облысішілік маршруттарды субсидиялауға 30 млн теңгеге жуық қаржы бөлдік. Нәтижесінде, жолаушыларды заңсыз тасымалдайтындардың саны азайды.

Эльмира Садвокасова