Спорт

Әділет органдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Руслан Кактай, СҚО әділет департаментінің басшысы:


– Спартакиада мини-футбол, үстел теннисі, дойбы, воллейбол және жүгіру секілді спорт түрлерін қамтып отыр. Жарыста әділет органдарының 100-ден астам қызметкері бақ сынауда. Мақсатымыз – әріптестер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Ельмира Сәрсенбаева – Шал ақын аудандық әділет басқармасының басшысы. Бүгін ол аудан намысын үстел теннисінен қорғауда. Мұндай спорттық шараларды жиі өткізіп отыру керек дейді маман.

Ельмира Сәрсенбаева, Шал ақын аудандық әділет басқармасының басшысы:

– Жаңа ғана алғашқы кездесуді аяқтадым. Қарсыласымды 2:1 есебімен жеңдім. Бүгін спартакиада жеңімпаз атансам деймін. Біз күні бойы компьютер алдында отырып жұмыс істейміз. Арасында бой жазып тұру қажет.

Әділет органдары қызметкерлерінің спартакиадасы биыл екінші рет өткізілуде. Келешекте бұл сайысты дәстүрге айналдыру көзделіп отыр.

Саят Ермек