Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 2 млн 332,4 мың гектар алқаптағы алтын дән жиналды

Бұл – барлық алқаптың 79 пайызға жуығы. Бастырылған астықтың салмағы 3 млн 354,2 мың тоннаны құрайды. Егіннің орташа түсімі гектарына шамамен 15,8 центнерден айналуда. Астықты жинау көрсеткіші бойынша Жамбыл, Ақжар және Уәлиханов ауданының аграрийлері алда келеді. Аталған аудандарда гектар берекелігі шамамен 17 жарым центнерді құрауда. Ал, майлы дақылдар бойынша жалпы аумақтың 70%-ға жуығы жиналған.

 

Тогжан Акмагамбетова